- Advertisement -

КЕЛБЕТІ БАР, КЕРМАРАЛДАЙ КЕРІЛГЕН…

132

- Advertisement -

Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «ТарМУ аруы» байқауы биыл да жалғасын тапты. Байқауға университеттің әр факультетінен 9 ару күні бұрын арнайы кастинг арқылы іріктелген. Сөйтіп, ақтық сын М.Үркімбаев атындағы «Жастар сарайында» ұйымдастырылды.
Кеш шымылдығын университет ректоры Махметғали Сарыбеков құттықтау сөз сөйлеп ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сұлулар сынына лайықты бағасын беретін әділқазы алқасының құрамы әртүрлі салада жемісті еңбек етіп, өңір дамуына үлесін қосып жүрген тұлғалардан құралды.
Байқау шарты бойынша қатысушылар І кезеңде «PINK FLOWERS» коктейльді көйлектер топтамасының көрсетілімін жасады. Ал ІІ кезеңде қатысушылар көпшілікке өздерінің шығармашылық қабілетін көрсетті. Арулардың бірі монолог оқыса, енді бірі заманауи үлгіде би биледі. Соңғы айналымда қатысушылар кешкі сәнді көйлектердің көрсетілімін жасады. Сонымен бірге, сұлулық байқауында университет өнерпаздарынан құралған «Асыл-ай» ән тобы, «Tarsu.kz» және «Гаухартас» бишілер тобы да өз өнерлерін көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына ие болды.
Сайыс соңында байқау қатысушыларына факультет декандары атынан бағалы сыйлықтар табыс етілді. Әділқазы алқасының мүшелері әр аталымдар бойынша жеңімпаз деп танылған аруларға тәжін кигізіп, демеушілер ұсынған бағалы сыйлықтарды табыстады. Арулар алдымен «Көрермен көзайымы», «Көрікті ару», «Қылықты ару» сынды бірнеше аталымдар бойынша марапатталды. Одан соң, университеттің «Екінші вице-аруының» аты аталды. Бұл атаққа заң факультетінің студенті Мадина Садықова қол жеткізді. Ал «Бірінші вице-ару» атағын дәл осы факультеттің студенті Маржан Сембекова жеңіп алды. «ТарМУ аруы – 2016» байқауының жеңімпазы болып, «Көрермен көзайымы» аталымын жеңіп алған гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің студенті Меруерт Тоқмолдаева танылды. «Журналистика» мамандығының ІІ курсында оқитын Меруерт көрермендердің де, қазылар алқасының да оң бағасына ие болды. Байқаудың барлық қатысушыларына 1 айлық шәкіртақы көлемінде ақшалай сыйақы берілсе, жеңімпаздар 2 айлық және 3 айлық шәкіртақы көлемінде сыйақыға ие болды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support