- Advertisement -

Даму – дарынды жастар қолында

146

- Advertisement -

Бір қуанатынымыз, тәуелсіз еліміздің жастары өнер мен білімге құштар. Талапшыл, ертеңіміздің жарқын боларына сенеді. Сол үшін талмай білім алып, ерінбей еңбек етуге бейіл. Олар осы табандылықтарының арқасында жыл сайын республикалық, халықаралық білім, өнер, спорт додаларында топ жарып жүр. Біз осындай дарынды жастарымызбен мақтанамыз.

Жамбылдық оқушылар үздік екенін елішілік және халықаралық білім додаларында сан мәрте дәлелдеген. Биыл да олар мәртебемізді өсіріп, мерейімізді тасытты. Солардың ішінде облыстық дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы, физика пәнінен өткен халықаралық олимпиадалардың 6 дүркін, республикалық олимпиадалардың 5 дүркін жеңімпазы Айвар Абрашұлы, Тараз қаласы №24 гимназияның бітіруші түлегі, физикадан халықаралық ғылыми жоба байқауының қола жүлдегері Шыңғыс Исабаев, ХVII республикалық «Абай оқулары» байқауында бас жүлдені жеңіп алған Т.Рысқұлов ауданы, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Ахмет Қамшыбекті, каратэ-додан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2014-2015 жылғы әлем біріншіліктерінің чемпионы, Сингапур мемлекетінде өткен Азия чемпионатында күміс медаль иеленген Әйгерім Тұрсынбекованы, 2016 жылы Корей мемлекетінде өткен халықаралық «Жас ғалым» байқауының күміс жүлдегері, үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің шәкірті Еркежан Қайназарованы, Н.Тілендиев атындағы мектеп-интернаттың оқушысы, Грузия елінде өткізілген «Гамарджоба Тбилиси» ІІ халықаралық фестивалінің І орын иегері Жалғас Айтқұлды атап өтуге болады. 2017 жылдың 23 қаңтар күні атақты британдық астрофизик-ғалым Стивен Хокингпен кездескелі отырған Тараз қаласындағы №13 орта мектептің оқушысы Мустопуло Исаак та – дарынды жеткіншектеріміздің бірі. Олар – таңдаған бағыттары әртүрлі болғанымен, кез-келген салада табандылық танытса, жетістікке жетуге болатынын дәлелдеген жастар.
Біз есімдерін атап өткен шәкірттеріміз жуырда Тараз қалалық Мәдениет үйінде «Дарынды жастар – ұлт болашағы» атты дарынды оқушылардың форумына арнайы шақыртылды. Жалпы, бұл шараға республикалық, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстарының және өнер, музыка байқауларының, спорттық жарыстардың жеңімпаздары қатысты. Оларға құрмет көрсетілді.

Айдын Досыбаева,
облыс әкімдігі білім басқармасы

орта білім бөлімінің басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support