- Advertisement -

Жалақыны қалай дұрыс ұстауға болады?

92

- Advertisement -

Жұмыстың ең жақсы тұсы – бұл жалақы! Бұндай ой түйінмен көпшілік келісуі мүмкін әрі бұның еш ұяты жоқ. Жалақы – бұл тек материалдық игіліктерге қол жеткізудің құралы ғана емес, сонымен қатар біздің кәсібилік деңгейіміздің баға көрсеткіші де іспетті. Сол үшін біздер өміріміздің қомақты үлесін жұмыс орнында өткіземіз, тап соған бола еңбекпен тапқан ақшаны алу әрі пайдалану барынша жайлы болуы тиіс.
Бүгінде кәсіпорындардың басым көпшілігі қызметкерлердің жалақысын банктік карточкаларға есептейді. Бұл үшін кәсіпорын кез-келген қазақстандық банктердің бірінен жалақы жобасын ресімдеуі қажет. Банк ВТБ (Қазақстан) Тараз қаласы филиалының директоры Роман Цойдың айтуынша, жалақы жобасы – бұл тек ұйым басшылығына ғана емес, сонымен қатар, егерде нарықта неғұрлым тиімді ұсынысты таңдайтын болса, қызметкерлер үшін де ыңғайлы.
Жалақы жобасын ресімдеу барысында, компания келесідей бірқатар жағымды тұстарға қол жеткізеді: қауіпсіздік пен инкассациядан бас тарту, есеп бөлімі функцияларының қысқаруы, ақша беру рәсімінің жеңілдеуі және уақытша әрі үстеме шығындардың қысқаруы. Қызметкерлер де тиімді тұстардан құралақан қалмайды, олар да қажет кезде керекті соманы шешіп алу мүмкіндігі болады, құпиялылық деңгейі артады, бұдан басқа, қолма-қол ақшадан гөрі, ақшаны картада тасымалдау әлдеқайда оңайырақ. Егерде бұрындары төлем жүргізудің жаңа нысанын негізінен ірі компанияларға ендірген болса, бүгінгі таңда бұл артықшылықтарды ең шағын көлемді кәсіпорындар да бағалап үлгерді.
– Нарықта жалақы жобалары бойынша көптеген ұсыныстар бар. Банк ВТБ (Қазақстан) нарықтық жағдайларға талдау жүргізіп, шын мәнінде тиімді әрі барынша ыңғайлы жалақы жобасын іздеп жүрген тұлғалар үшін арнайы ұсынысты әзірледі, – дейді Банк ВТБ (Қазақстан) Тараз қаласындағы филиалының директоры Валерий Пак. – Біз кешенді қызметтерді – түрлі көлемді компанияларға бола арнайы әзірленген жалақы жобалары бойынша пакеттік ұсыныстарды ұсынамыз. Енді, ірі бизнес яки ШОБ өкілдері болсын, кез-келген компания өзіне мінсіз сай келетін нұсқаны іріктеп таңдай алады.
Компаниялар үшін Банк ВТБ (Қазақстан) ұсынатын жалақылық пакеттік ұсыныстардың көбінің негізгі артықшылықтары: Банктің бүкіл дерлік пакеттері бойынша жалақыны есепке жатқызу үшін комиссияның алынбауы, шотты бар болғаны 1 теңгеге ашу, компания басшылығына арналған қызмет көрсетілімі тегін болып келетін жоғары класты қосымша карточкаларды шығару мүмкіндігі.
Өз кезегінде Банк ВТБ (Қазақстан) дебеттік карточкаларын пайдалану компания қызметкерлерін қуанышқа бөлей алады, банк оларды жалақы жобасы шеңберінде тегін шығаратын болады. Банк әлемдегі ең танымал Visa халықаралық төлем жүйесінің карталарын ұсынады. Клиенттің таңдаған класы неғұрлым жоғары болса, ол соғұрлым қызметтер пакетіндегі тегін артықшылықтарды алатын болады.
Мәселен, талғамдарына қарай, клиент мынадай қызметтерге қол жеткізе алады: SMS-ақпараттандыру үшін 0 теңге, Интернет-банкингті тегін қосу, қосымша карталарды, мысалға Visa Virtuon (интернет-сатып алымдарға қауіпсіз төлем жүргізу үшін) және Priority Pass карталарын, сондай-ақ Номад Иншуранс сақтандыруын тегін шығару. Қолма-қол ақшасыз жолмен төлем жасаудың белгілі бір талаптары сақталған кезде абоненттік төлем алынбайды. Сөйтіп, негізгі қызметтер аясында, карта клиентке шынымен де салмақ түсірмейді.
Банк ВТБ (Қазақстан) төлем картасының тағы бір артықшылығы – бұл карталардағы қалдық ақшаға сыйақының есептелуі, осының арқасында өзіңіздің жалақы картаңызды еңбекпен тапқан ақшаңызды сақтап қана қоймай, сонымен бірге оның көлемін өсіруге жол ашатын тиімді депозитке айналдыруға болады. Картадағы ақша қалдығына жылдық 10% көлемінде сыйақы төлеу төлем картада 1000 теңгеден басталатын төмендетілмейтін қалдық жатыр деген шартпен жүргізіледі.
Одан бөлек, Visa Classic, Visa Gold және Visa Platinum карталарының иелері Банк банкоматтарынан, Халық Банкі және ВТБ Тобы (ТМД) желісі банкоматтарынан қолма-қол ақшаны тегін шешіп алуларына болады, егер тізіп көрсетілген бұл банкоматтарды клиент таппайтын болса немесе шетелде жүрсе, Банк әлемнің кез-келген түкпірінен қолма-қол ақшаны банкоматтардан шешіп алу бойынша 5 тегін операцияға дейін жүргізу мүмкіндігін ұсынады.
Банк ВТБ (Қазақстан) төлем карталарына пакеттік тарифтер туралы толығырақ ақпаратты ұялы телефоннан 5050 нөмірі бойынша білуге болады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support