- Advertisement -

Ғылымға ден қойған шәкірттеріміз бар

85

- Advertisement -

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, Алматы қаласының 1000 жылдығына орай «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ шығармашылық бірлестігінің ұйымдастырған «Қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті рухани-адамгершілік мүмкіндігі мол тұлға қалыптастыру» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция Құлан жерінде өтті.
Конференцияның ашылу салтанатында БҰҰ Халықаралық Адам қорғау комитетінің Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің президенті, профессор А. Нұрманов аталған шараның мақсатын таныстырып, мәні мен маңызына тоқталды.
Осы конференцияға біздің мектебіміздің бірнеше мұғалімі мен оқушылар зерттеу жұмыстары мен жобаларын ұсынып, марапатталды. Атап айтсақ, 7-сынып оқушылары А.Сейтхан мен Е.Ахметжанның «Космос және экология» тақырыбындағы зерттеу жұмысы құндылығы мен өзектілігі жағынан жоғары бағаланды. Нәтижесінде олар І дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен бірге мектеп директоры, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А. Қасеналиева, бастауыш сынып мұғалімдері Р. Омарова, Г. Жұбаназар, З. Қарабаева, Б. Мырзахметова, математик Ш. Оразбековтің жасаған баяндамалары да тыңдаушылардың қызығушылығын туғызды. Бұл – біздің мектебіміз үшін үлкен жетістік.

Райхан Омарова,
А.Байтұрсынов атындағы шағын
орталықты орта мектебі директорының әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары.

Т. Рысқұлов ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support