- Advertisement -

«Ажырасу» тойын басқарамын

170

- Advertisement -

Таңғалдырып, ой, бәрін,
Оянып тың ойларым.
Басқарайын деп шештім,
«Ажырасу» тойларын.

Шаңырақты шайқаған,
Жастар жайлы айтам ән.
Келіндерді ұзатам,
Төркініне қайтадан.

Несін оған түнерем,
Іс жасайын бір ерен.
Құдаларды мың жылға,
Көрместей қып жіберем.

Не болмас деп жас шақта,
Көтеріліп тост баққа.
Той үстінде тарқатам,
Қос ғашықты қос жаққа.

Жасай білген жанжал көп,
Жастарға айтпаймын
«жар-жар» тек.
Заң бойынша «ЗАГС»-тен,
Шығарамын «бар-бар» деп.

Төбемде күн, тұрса айым,
Болар ма еді мұнша ойым.
Басқаратын тойларым,
Көбеюде күн сайын.

…Әй, бірақ та «тоба» деп,
Болмай көпке қара бет.
Бір-ақ күнде мен шіркін,
Тойсыз қалсам жарар ед.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support