- Advertisement -

Альварес 2017 жылы Головкинмен және Сондерспен жұдырықтасуды жоспарлап отыр

131

- Advertisement -

Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес 2017 жылы орта салмақта белбеулердің иегері Геннадий Головкинмен және Билли Джо Сондерспен жұдырықтасуды жоспарлап отыр, — деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі boxingscene.com сайтына сілтеме жасап.

Мексикалық боксшы орта салмақта жекпе-жекті биыл желтоқсанда өткізуді жоспарлаған, бірақ оған жарақаты кедергі болды. Сондерспен Альварес 2017 жылдың мамырында, ал Головкинмен қыркүйекте кездескісі келеді екен.

«Меніңше, бұл жақсы жоспар, — деп мәлімдеді Альварес. — келесі жылға құрған жоспарымыз — орта салмақтағы дебют және чемпиондық. Біз WBO-мен осылай жасай аламыз, осы жайында ойланып жүрмін. Бірақ алдағы негізгі міндетім — жарақатымнан айығу».

Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support