- Advertisement -

WBC президенті Головкинге лайықты қарсыласты атады

112

- Advertisement -

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман аргентиналық Хорзе Себастьян Хейландтың (28-4-2, 15 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) жекпе-жек өткізуге лайық екенін мәлімдеді, — деп хабарлайды Vesti.kz спорт сайты BoxingScene.com басылымына сілтеме жасап.

Айта кетейік, Хейлан WBC рейтингінде орта салмақта бірінші орында тұр, ал Головкин бұл ұйымның чемпионы. Сондай-ақ, қазақстандық боксшы орта салмақтағы WBA (Super), IBO және IBF тұжырымдарының иесі.

«Хейландқа WBC кең қолдау білдіреді, ол жақсы жігіт. Жақында әйелі босанды, ол осы мүмкіндікке лайық. Бірақ бұл жағдайда аса сақ болуымыз керек. Бәріміз білетіндей, Геннадий Головкин біздің чемпион болу үшін екі жыл бойы үміткер болған», — деп мәлімдеді Маурисио Сулейман.

Еске салайық, Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы Головкинды Джейкобспен жұдырықтасу үшін келісімшарт жасасуға 30 күн берген.

Сонымен қатар, WBA гонорарды бөлуде де Головкин жағына шыққан, ал бұл әрекет промоутер Том Леффлердің ойынша, Джейкобспен келісімшарт жасасуға қиындықтар туғызады. Әзірше алдын ала промоутерлік сауда 22 қазанға белгіленген.

Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support