- Advertisement -

Тіс пен іс

95

- Advertisement -

Ана мен бала денсаулығы туралы зерттеу жүргізген норвегиялық ғалымдар өзгеше ұсыныс айтты. Олар сүт тістерінің банкін ашуды ойластыру керектігін жеткізген. Мамандар 100 000 сүт тісін жинамақ ниетте. Ол үшін кішкентай баласы бар ата-аналар бөбектерінің бір тісін берсе болғаны дейді.  Мамандарға соншама сүт тісі неге керек болды дейсіз ғой? Сөйтсек, ғалымдар сол тістер арқылы қоршаған ортаны қаншалықты ластығын анықтап, ана мен бала денсаулығына нақты қандай фактордың кері әсер тигізіп жатқанын анықтай алады екен. Тек 2014 жылдың басында Берген университетіндегі сүт тісі банкінде 17 000-нан аса сүт тісі жиналған екен.

Джон Леннонның тісінен
клонын жасап шығармақ

Мансап биігіне көтерілген әйгілі әнші тісінің бірін өз үйінің қызметшісіне береді. Ал «Beatles» тобының жанкүйері болған қызметшінің қызы ол тісті ұзақ жылдар бойы сақтап, оны 2011 жылы Майкл Зак есімді азаматқа қомақты қаржыға сатады. Ал Зак өз кезегінде ол тістен Джон Леннонның клонын жасауды ойлаған. Ол атақты әншінің ДНК-сын зерттеумен айналысатын ғалымдармен бірігіп, бұл ойын іске асыру үстінде. Оның ойы жүзеге асса, 2040 жылға қарай жұртшылық қайта тірілген Леннонды көретін болады.

Тіс кез-келген жерден өсуі мүмкін

Сауд Арабиясындағы 22 жасар жігіттің мұрнына тіс шыққан. Ал 1978 жылы АҚШ-тың солтүстік Каролина штатындағы 13 жасар Питчард есімді баланың бір тісі аяғынан шыққан!

Тіс көзді алмастыра алады

2009 жылдың ортасында көзі көрмейтін азаматтарға арналған, тіске арнайы линза орнату туралы ақпарат тараған болатын. Бұл методика бойынша ең алғаш көру бақытына ие болған – Шэррон Торнтон есімді азаматша. Бүгінде бұл жаңалық АҚШ медицинасында қолданылады.

232 тісі
бар бала

2014 жылы Ашик Гаваи есімді балада осыншама тіс бар екені анықталған.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support