- Advertisement -

Инновацияның игілігі деген осы

75

- Advertisement -

Бірлікүстемдіктер пияздың әр гектарынан 100-120 тоннадан өнім алуда

Күз – ауыл шаруашылығы еңбеккерлері үшін қауырт шақ. Атап айтқанда, олар пияз және басқа да бақша дақылдарының жиын-терін жұмыстарына қызу кірісіп кеткен.

Бірлікүстемдік диқандар жаңа технологияларды пайдалану жөнінен ауданда алда келеді. Олар тиімді тәсілді ауданда бірінші болып қолға алды және жаңа технологиямен өсірілетін дақыл көлемі артып отыр. Бұған Нұрбек Қарауылов жетекшілік ететін «Бірлікүстем» шаруа қожалығындағы тамшылатып суарылған пияз алқабының көлемі 110 гектарға жеткендігі айқын дәлел.Мысалы, биыл егіс алқабының әр гектарынан 100-120 тоннадан пияз алынуда. Бұл – бұрын-соңды болып көрмеген табыс.
Сондай-ақ, Ибрагим Юсупов басқаратын «Agrowest» шаруа қожалығы да бақша өнімдерін өсіру бағытында суарудың жаңа технологиясын ауданда тиімді пайдаланып келеді. Ол бұл жөнінде:
– Бұрындары су шықпайтын егістік жердің біразы бос жататын. Арамшөп басып, кәдеге жарамайтын. Қазір тамшылатып суарудың нәтижесінде сондай жерлерге қарбыз өсірілуде. Қарбыз болғанда дәмі тіл үйіретін тәтті қарбыздар. Енді басқа дақылдарды да тамшылатып суару арқылы өсіру жайын ойластырудамыз, – дейді.

Петр НОРКИН,
журналист.

Шу ауданы.

Суретте: Бірлікүстем ауылдық округінің әкімі Асқар Бименбетов шаруа қожалығының жетекшісі Ибрагим Юсуповтің алқабында.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support