- Advertisement -

Миллионер мұғалималар

112

- Advertisement -

Педагог мәртебесін арттыру бағытындағы қолға алынған шаралар жемісін беруде. Биыл бесінші мәрте өткізілген республикалық «Үздік педагог» байқауында облысымыздың үш бірдей мұғалімі жеңімпаз атанып, әрқайсысы 2 миллион 121 мың теңге сыйақы алуы – соның дәлелі. Бір айта кететіні, үздік атанғандар – облыс орталықтарындағы таңдаулы мектептердің ұстазы емес, шалғай аудандарда еңбек етіп жүрген жандар.
Тағы бір ерекше атап өтетіні, екі миллион сыйақыға қол жеткізген педагогтердің үшеуі де нәзік­жандылар. «Үздік педагог» төсбелгісін иеленген табысты мұғалімдер – Жамбыл ауданындағы Б.Бесбаев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Зухра Үсенбаева, Шу ауданындағы М.Мақатаев атындағы тірек мектебінің география пәнінің мұғалімі Анар Баетова, Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Нұрхат Асанова.
«Біз әріптесіміздің жетістігіне қуанамыз. Парламент Сенатының депутаты Дариға Назарбаеваның қолынан «Үздік педагог – 2016» төсбелгісі мен 2 миллион 121 мың теңгенің сертификатын алып, Елордадан үлкен жетістікпен оралған Зухраны мектеп директоры Ә.Абралиева бастаған ұстаздар мен оқушылар күтіп алып, құрмет көрсетті», – дейді Б.Бесбаев атындағы орта мектептің мұғалімі Гүлбану Жаппарова.
М. Мақатаев атындағы тірек мектебінің шығармашылық тобының жетекші әдіскері Шәмшат Смағұлова аталған тәуелсіздік жылдарында осы білім ошағының екі мұғалімі ең үлкен табысқа қол жеткізгенін айтады. «Бұрын ұстаздар арасындағы үздіктерді анықтайтын «Жыл мұғалімі» байқауы өтетін. 15 жыл бұрын математик Таңсық Анарбекова жүлделі екінші орынды иелен­ген болатын. Енді міне, Анар әріптесіміз «Үздік педагог» атанып отыр», – дейді ол.

Камила Борашова,
журналист.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support