- Advertisement -

Головкин ғана менің деңгейімдегі боксшы – Кирилл Релих

97

- Advertisement -

26 жастағы беларусьтік панчер Кирилл Релих (21-0, 19 КО) осы сенбіге қараған түні Глазгода 63,5 келіге дейінгі салмақта WBA тұжырымының чемпионы, жергілікті Рики Бёрнзді (40-5-1, 14 KO) нокаутқа түсірмек. Шотландиялық та жеңістен дәмелі, ол желтоқсанда төрт салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Эдриен Броунермен кездесуді жоспарлап қойған, деп хабарлайды Baq.kz.

«Бёрнз Броунермен кездеспейді, өйткені ол үшін мені жеңуі тиіс. Мен Рикидің титулын тартып алып, Эдриенмен жұдырықтасамын, оны да нокаутқа жіберемін. Мұны тағдыр дейді. Қарсыластарымды кемсітіп отырғаным жоқ, жәй ғана мен олардан мықтымын. Кеше біреу маған қандай боксшы ұнайтынын сұрады. Оған өзімді көрсеттім», — дейді Релих.

«Менің деңгейімде бір ғана боксшы бар, ол – Головкин. Оның жетістігін қайталағым келеді. Ол 36 жекпе-жектің 33-ін мерзімінен бұрын аяқтады. Мен дәл сондай боксшымын», — деп толықтырды ол.

Беларусь боксшысы Бёрнзді нокаутқа түсіруге келгенін, жекпе-жекті алтыншы раундта аяқтайтынын атап өтті.

«Иә, ол оңай шағылатын жаңғақ емес екенін және бір кездері жағы сынып кетсе де, кездесуден бас тартпағанын білемін. Сондықтан қалай да мерзімінен бұрын жеңуім керек», – деп түйіндеді чемпиондыққа үміткер.

Ақпарат көзі: Baq.kz 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support