- Advertisement -

Головкин Хопкинстің рекордын жаңартса, Мейвезер жекпе-жекті қалауы мүмкін — Абель Санчес

92

- Advertisement -

Генадий Головкинның бапкері Абель Санчестің ойынша, америкалық боксшы кіші Флойд Мейвезер қазақстандық боксшы орта салмақта атағын қорғаудан Бернард Хопкинстің рекордын қайталаса GGG-мен қолғап түйістіріп, қомақты қаржы табу мүмкіндігін жібермейді, — деп жазады Vesti.kz BoxingScene.com сайтына сілтеме жасап.

«Флойд Мейвезердің жақсы қасиетінің бірі — ол тамаша бизнесмен. Ол өзінің мұрасы мен болашағы туралы үнемі ойлап жүреді. Ол Головкинмен жекпе-жек өткізу үшін, әрине жеңісіне сенімді болса, рингке қайтып келуінің жалғыз ғана себебі қомақты соммадағы гонорар болады. Қайталап айтайын, ол қаржылық мәселелерді жақсы жүргізеді. Ал Головкин қазіргі ісін жалғастырып, Хопкинстің рекордын қайталаса, Флойд үшін ол қаржылық тұрғыдан тартымды болмақ, өйткені, ол Хопкинстің өзінен асып түсті», — дейді Санчес.

Естеріңізге салсақ, Бернард Хопкинс орта салмақта 20 рет атағын қорғап қалды. Головкин ағылшын боксшысы Келл Брукке қарсы жекпе-жекте атағын 17-ші рет қорғау керек болатын, бірақ ассоциация бұл жекпе-жекке рұқсат бермеді.

Сонымен бірге, Санчес мұның алдында Мейвезер рингке қайта оралса, Головкин онымен жекпе-жекке шығу үшін салмағын түсіруге дайын екендігін айтқан.

Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support