- Advertisement -

«Барыс» бабында екен

92

- Advertisement -

Астананың «Барысы» құрлықтық хоккей лигасының 7-турында Череповецтің «Северсталін» қабылдап, жанкүйерлерін қуантты. Алғашқы кезеңнің 13-минутында «Барыс» шабуылшысы Евгений Рымарев есеп ашып, жерлес команданы алға шығарды. Екінші кезеңде астаналықтардың ойыншысы Роман Старченко алаңнан қуылып, артынша Кевин Даллмэн 10 минуттық айыпқа тартылды. Бұл сәтсіздіктерге мойынсұнбай «Барыс» намысқа тырысып, жанкештілік танытты. Ойынның 38-минутында Брэндон Боченский есепті еселесе, кездесудің аяқталуына 30 секунд қалғанда ресейлік ойыншы Уилсон Клей мергендігімен көзге түсті. Сөйтіп, «Северсталь» ойыншылары жалғыз шайбамен ғана жауап қата алды. Нәтижесінде жерлестеріміз 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Бұдан соң «Барыс» ойыншылары Мәскеудің «ЦСКА» командасын қабылдап, 4:0 есебімен айқын басымдық танытты. Бұл жолы астаналықтар сапындағы Вячеслав Трясунов, Евгений Рымарев, Найджел Доус және Роман Старченко бір-бір голдан соғып, мергендіктерін байқатты. Екі жеңісінен кейін «Барыстың» турнир кестесіндегі жағдайы жақсара түсті. Жанкүйерлер астаналық хоккейшілерден үлкен үміт күтіп отыр. «Барыстың» жанкүйер сенімін ақтауға мүмкіндіктері бар.

 Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support