- Advertisement -

Сақталатын картоп алқапта сұрыпталуда

93

- Advertisement -

Ауданда күзгі жиын-теріннің қызған шағы. «Екінші нан» – картоп биыл ауданда 2150 гектарға өсірілген-ді. Бүгінгі күні 1750 гектар алқаптың түйнегі қазылып алынды. Өнім гектарына орта есеппен 215 центнерден айналуда. Ауданда картоп өсірумен «Зылиха», «Жаңаталап», «Садирова», «Боранды» шаруа қожалықтары көп жылдан бері тұрақты айналысып келеді. Бұл шаруашылықтарда өнім де жоғары. Әрі олар аудан, облыс деңгейінде өткізілетін азық-түлік жәрмеңкелеріне де қатысып, өңірімізде азық-түлік, соның ішінде картоп бағасын тұрақтан­дыруға елеулі үлес қосып отыр.
Қазық жұмысына барлығы 15 трактор тартылған. Сондай-ақ, алқап басында жүк көліктері мен тіркемелі тракторлар картоп тасымалымен айналысуда.
– Негізінен ауданда әйелдерден құралған 5-6 бригада қысы-жазы жұмыс істейді. Олар ерте көктемнен бастап ірі шаруашылықтардың картобын сұрыптауға, арам шөбін отауға, күзгі жиын-терініне араласады. Әр бригадада 25-тен 50-ге дейін адам бар. Бүгінде картоп теруге шығып жүрген жұмысшылар саны 200-ден асып жығылады, – дейді аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Рахымғазы Құниязов.
Өзге өңірлердің картопқа деген сұранысы да жоғары. Кәсіпкерлер диқандар өндірген өнімді алқап басынан 40-45 теңгеден алып кетіп жатыр. Сақталатын картоп та алқап басынан сұрыпталып, бірден қоймаларға жөнелтілуде. Бұрын олар қойма ауласында іріктелетін. Ірі қожалықтар қоймаларында 2000 тоннадан картоп сақтауды көздеп отыр. Оның ішінде тұқымдыққа қалдырылатын түйнек те бар.

Марат Құлибаев,
журналист.

Жуалы ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support