- Advertisement -

Самарқандта Ислам Каримовты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі басталды

109

- Advertisement -

Самарқанд қаласында Өзбекстан Президенті Ислам Каримовпен қоштасу рәсімі басталды, деп хабарлады ресейлік РБК агенттігі.

Рәсім самарқандтық мемлекет басшысының резиденциясында өтеді. Залға мемлекет басшылары, шетел делегациясы, республика жұртшылығы мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жиналды.

Қаралы жиынды Жерлеуді ұйымдастыру мемлекеттік комиссиясының төрағасы, Өзбекстан премьер-министрі Шавкат Мирзиеев ашты.

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов қаралы рәсімге қатысуда.

Өзбекстан билігі кеше Каримовтың қайтыс болғанын ресми жариялаған болатын. Хабарлама ұлттық телеарна эфирінде оқылды. Елде үш күндік қаралы күн жарияланды.

 

Ақпарат көзі : ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support