- Advertisement -

Министр енді полиглот-ұстаздардың басқаларға қарағанда көп жалақы алатынын айтты

84

- Advertisement -

Бірінші қыркүйек күні білім және ғылым министрі жақсы жаңалық айтты. Салтанатты шараға қатысқан Ерлан Сағадиев ұстаздардың жалақысын көбейтуге уәде берді. Бірақ, бұл жақсы жаңалықтың барлығына бірдей қатысы болмайтындығын да ескертті. Бұл туралы КТК хабарлайды.

“Біз осы жала жаңа ереже енгізіп отырмыз. Мұғалімдер бір біліктіліктен басқасына ауысқан кезде, олардың жалақылары үстемеленеді. Бұл жылы екі тілде сабақ беретін ұстаздардың да айлығын арттыруды көздеп отырмыз. Нормативтік актілер дайын болған кезде біз бұл ақпаратты барлық мұғалімдерге жариялаймыз”, – деді министр.

Ерлан Сағадиев сондай-ақ, биыл алыс аудандар мен алыс қалалардағы мектептерге де оқу кітаптары дер кезінде жеткізілгендігін де атап өтті. Осылайша жыл сайынғы ұзын-сонар кітапқа тұратын кезектен арылтқан. Келесі жылы екінші, бесінші және жетінші сынып оқушылары оқитын кітаптар мазмұны толықтай өзгертілмек.

 

Ақпарат көзі: Stan.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support