- Advertisement -

Рио олимпиадасының қола жүлдегері Александр Зайчиков Қазалы жұртшылығымен кездесті

223

- Advertisement -

Еліміздің мақтанышына айналған спортшы, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Александр Зайчиков Қазалы жұртшылығымен кездесті.

Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аудан әкімінің орынбасары А.Қаржаубаев Сыр бойылық толағайға жерлестерінің үкілеген үміттерін ақтағаны үшін алғысын білдіріп, Зайчиковпен қазалылықтардың мақтанатынын жеткізді. Сондай-ақ, чемионға ақ боз  ат мінгізді.

Александр өз сөзінде бұл жеңістің  талмай еткен еңбектің жемісі мен жанкүйерлердің қолдауының нәтижесі екенін айтып, егемен елдің абыройын биікке көтеремін деген уәдесін берді.

Айта кетейік, ауыр атлет Александр Зайчиков Риодағы ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарында 105 келіге дейінгі салмақта бақ сынап, қоссайыс қорытындысы бойынша 416 келіні еңсеріп, Қазақстан қоржынына қола жүлде салған болатын.

 

 

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support