- Advertisement -

Жарық пен жол керек

130

- Advertisement -

Тараздағы «Атакент» базары маңындағы «Арай» алқабындағы тұрғындардың шешімін таппаған түйткілді мәселелері баршылық. Солардың ең бастысы – электр жарығы мен жол.
Айналамызда электр желілері жақын орналасқандығына қарамастан, бүгінгі күнге дейін көшелерімізге заңды түрде жарық берілмеді. Бұл ретте, алқаптың оң жағында құрылысы аяқталған көп қабатты тұрғын үйге желі тартылғанда, біздің көшелерді де электрмен жабдықтауға болатын шығар деген уәжімізді айтқымыз келеді.
Сонымен қатар, жасы үлкені мен кішісі бар, әсіресе жаңа оқу жылы басталысымен, күз және көктем, қыс мезгілдерінде тұрғындар белуардан су кешіп, батпақты даламен жүруге мәжбүр. Әрине, бұл мәселе жаңа тұрғын үй алқабы есебінде кейінге қалдырылуы мүмкін. Дегенмен, бүгінде көшелердегі қазба жұмыстары аяқталғанына байланысты, тиісті тұлғалар ең болмағанда шағал төсеп берсе деген тілегіміз бар.
Біздің бұл мәселемізден қаланың, облыстың барлық атқамінерлері хабардар. Онда да болса, мәселеміздің оң шешілуіне үміт етіп, редакцияға хат жазып отырмыз.

«Арай» тұрғын үй алқабы тұрғындарының атынан
Әбдіқаш Үрістенов.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support