- Advertisement -

Д.Елеусiнов: Мен бокспен қош айтыспаймын

109

- Advertisement -

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусiнов бокспен қош айтыспақ емес. Бiрақ бокстың қай түрiнде спорттық мансабын жалғастыратынын әлi шешпептi. Алдағы жоспарымен спортшы Орталық коммуникациялыр қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында бөлiстi, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Мен кәсiпқой боксқа кетемiн деп қазiр жарияламаймын. Бiрақ «Олимпиадада жеңдiм» деп бокспен қош айтысып жатқан жоқпын. Әлi жаспын, күш-жiгерiм көп деп есептеймiн. Елдiң абыройын алдағы уақытта көтере беремiн деген сенiмдемiн. Қай бокста — кәсiпқой әлде әуесқой бокста болатынын алдағы уақытта бiле жатармыз. Бiрақ өзiмнiң осы карьерамды әрi қарай жалғастырамын деген ойдамын», — дейдi Данияр Елеусiнов.

Сондай-ақ, боксшы егер 2020 жылы Токиода өтетiн Олимпиада ойындарына бара қалса, 69 келi салмақта өнер көрсететiнiн айтып отыр.

«69 келiнi қазақтың салмағы деп айтып жатыр. Қатарынан төртiншi Олимпиадада чемпион болып жатырмыз. Бұл кездейсоқ дүние емес деп ойлаймын. Осы салмақ дәрежесiндегi спортшыларымыз үлкен жетiстiктерге жетiп жатыр. Спорттық жолымды әрi қарай жалғастырамын деп айттым. Қай бокс түрiнде болатынын әлi ойланамын. Бiрақ Токиоға бару мақсатын қойып жатсам, осы 69 келi салмақ дәрежесiнде өнер көрсетемiн», — дедi ол.

Еске сала кетейiк, бокстан ел құрамасының капитаны Данияр Елеусiнов Риода өткен Олимпиада ойындарында жеңiске жетiп, алтын медаль алды. Бүгiн Президент ел абыройын асқақтатқан спортшыны екiншi дәрежелi «Барыс» орденiменмарапаттады.

Ақпарат көзі: Baq.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support