- Advertisement -

Ұлттық Олимпиада құрамасының жаттықтырушылары мемлекеттік марапатқа ие болды

83

- Advertisement -

Шәкірттері олжалы оралған жаттықтырушыларға «Барыс», «Құрмет» және «Парасат» ордендері табысталды. Сондай-ақ салаға жауапты қызметкерлерді мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен ұлттық олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев құттықтап, спорттық жетістіктер үшін алғыс білдірді. Тимур Құлыбаев, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті: — Сіздер нәтижелі еңбек еттіңіздер. Сондай-ақ ғылыми-кешен топтарына алғыс айтамын. Спортқа қатысы бар мемлекеттік мекеме қызметкерлері де мәртебелі марапатқа лайық. Мүмкіндікті пайдаланып, жетістікке жетіп отырсыздар. Марат Елеусінов, Олимпиада чемпионы Д.Елеусіновтің жеке жаттықтырушысы: — Өте өзімді бақытты сезініп тұрмын. Қуанышты жағдай. Олимпиада чемпионын дайындадық. Мемлекеттік наградаға ие болып, марапатталып жатқаныма қуаныштымын. Алдағы жоспар жөнінде ойланып көрген жоқпыз. Демалып көрсін. Өзі біледі. Профессионалдық көп шақырту түсіп жатыр.

Ақпарат көзі: www.24.kz 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support