- Advertisement -

Жуалы — жердің жаннаты

1 031

- Advertisement -

Жаннаты жердің Жуалым,
Зеңгір көк төккен шуағын.
Көл-көсір, өлең бұлағым,
Атамекенім – тұрағым.

Жалындай жанып шырағым,
Төсіңде сайран құрамын.
Тебіреніп жүрегім,
Арналар саған жыр-әнім.

Тауыңда қыран шарқ ұрған,
Көліңде аққу қалқыған.
Көз қарыған көркіңнен,
Жаным жаздай шалқыған.

Жантая кетсем, шаршап кеп,
Көк майсаң жайлы төсегім.
Саяңда өсіп көркейіп,
Сазыңда желдей есемін.

Жуалым – жаннат мекенім,
Өскен сайын өркенің.
Ләззат алып сезімнен,
Рахат өмір кешемін.

 

Анашым

Жасын жырдың тартқанымда жебесін,
Түсіме ылғи жабырқаумен енесің.
Маған мүлде ренжіген кейіппен,
Қас қағым сәт алыстайды елесің.

Ұлың едім, жуытпайсың жаныңа,
Мейіріміңді іздеп жүрмін сағына.
Адамдары азған мынау заманның,
Амалсыздан көндім қатал заңына.

Сағынышым сар даламен желгендей,
Махаббатың маған деген сөнгендей.
Бойыңды ылғи қашық ұстап жүресің,
Балаңды емес, басқа жанды көргендей.

Сезіп тұрам, терең сыр бар ішіңде,
Қол созым жер, жете алмаймын түсімде.
Зарықтырып, сыр алдырмай тұрасың,
Мүмкін, қате қадамдар бар ісімде.

Асыл анам, ардақтым ең аяулы,
Жасым бүгін қарттық жасқа таянды.
Әкемнің де орнын мүлде жоқтатпай,
Есейгенмін паналап мол саяңды.

Өмір жолы қандай қиын, бұралаң,
Ойымда да, бойымда да жүр алаң.
Күлгенім де, жүргенім де дін аман,
Сүйенішім жалғыз Алла, бір Анам!

ЖаналиевМақұлбек Жаналиев,
қалалық ақсақалдар кеңесінің мүшесі.

Жуалы ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support