- Advertisement -

Назарбаев Ниязымбетов пен Левитті алтын медаль иегері ретінде марапаттады

91

- Advertisement -

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әділбек Ниязымбетов пен Василий Левитті алтын медаль иегері ретінде жеңімпаз деп санауға болады деген пікір айтты, — деп хабарлайдыТengrinews.kz тілшісі.

Олимпиада чемпиондарын марапаттау рәсімі «Қазақстан» орталық концерт залында өтіп жатыр. Назарбаев спортшыларды табысты өнер көрсеткені үшін құттықтап, олардың жеңісі Қазақстанның егемендігіне 25 жыл толу мерекесіне сый болғанын айтты.

«(…) Боксшылар Әділбек Ниязымбетов пен Василий Левитті біз барлығымыз Олимпиада ойындарының алтын медалі иегері ретінде санауымыз керек. Сондықтан мен олардың ынталандыру сыйларын алтын медаль иегерлерімен теңестірдім», — деді Назарбаев.

«Сіздер менің және Қазақстанның барлық жанкүйерлерінің үмітін ақтадыңыздар, біздің еліміздің абыройын биік ұстадыңыздар. Біздің құрама 17 медаль ұтып алды. Бұл көрсеткіш бұрынғы Олимпиадалық ойындардағы Қазақстан құрамасының алып жүрген медальдарынан көп», — деді Президент

Рио Олимпиадасында қазақстандық спортшылардың арасында алтын алған спортшылар: ауыр атлет Нижат Рахимов, жүзуші Дмитрий Баландин және боксшы Данияр Елеусінов. Күміс медальдар: боксшылар:Василий Левит пен Әділбек Ниязымбетов, ауыр атлет Жәзира Жапарқұл, дзюдошы Елдос Сметов және балуан Гүзел Манюрова. Қола медаль иеленген спортшылар: ауыратлеттер Фархад ХаркиКарина Горичееважәне Александр Зайчиков, боксшылар Иван Дычко және Дариға Шәкімова, балуандар Эльмира Сыздықова мен Екатерина Ларионова, дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг және жеңілатлет Ольга Рыпакова.

Жалпы Рио Олимпиадасына Қазақстанның атынан 26 спорттың түрінен 104 спортшы  қатысты. Өткен Ойындар Еліміз үшін күміс медальдар бойынша және жалпы медальдар саны бойынша өзіндік рекорд орнатты.

Ақпарат көзі:  Kaz.tengrinews.kz 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support