- Advertisement -

Бес жастағы зағип бала Құранды радио арқылы жаттап алды

142

- Advertisement -

Сауд Арабиясында бес жастағы Хұсейін Мохаммед Тахир есімді баланың туғанынан көзі көрмейді. Алайда, оның зағиптығы кейбір ересек адамдар үшін ұзақ жылды қажет ететін жетістікке жетуге кедергі болмады. Балақай бүкіл Құран аяттарын радио арқылы жаттап алған, деп хабарлайдыBaq.kz тілшісі Islam.kz сілтеме жасап.

 «Мен ұлыма радио алып бердім. Себебі, теледидардың оған пайдасы жоқ қой. Ұлым осы радио арқылы Құран аяттарын тәулік бойына беретін стансасы тыңдап жүрді. Құранды үйреніп, жаттап жүргенін білгеніммен, оны толық меңгеріп алады деп ойлаған да емеспін», — дейді әкесі Мохаммед Тахир.

Хұсейіннің отбасы Жидда қаласынан Мәдинаға көшіп барған кезде ол әкесінен Пайғамбар мешітіне алып баруын сұрайды. Әкесі осы сәт баласына бір ғана шарт бойынша келісім береді – «Бақара» сүресінің бірнеше аятын жатқа айту. Бірақ, балғын Құранның бүкіл сүресін жатқа айтып, әкесін таңқалдырады. Осы оқиғадан соң Мохаммед баласын оқытушылар мен хафиздерге көрсетеді. Дін ғалымдары да Хұсейіннің Құранды жатқа меңгергенін растап, тек бірнеше сабақ алып, білімін толықтырып, бекітуге кеңес береді.

Ақпарат көзі: Baq.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support