- Advertisement -

Кәрім Мәсімов ауыр атлет Фархад Харкиді жеңісімен құттықтады

66

- Advertisement -

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Рио Олимпиадасында қола медаль алған ауыр атлетіміз Фархад Харкиді жеңісімен құттықтады.

«Біздің ауыр атлет Фархад Харкиді #Rio2016 олимпиадалық ойындарындағы қола медалімен құттықтаймын.#КАZ, алға!», — деп жазды ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Твиттер әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында.

Қазақстандық зілтемірші 62 келіге дейінгі санатта өнер көрсетіп, 305 келі көтерді. Бұл Рио-де-Жанейродағы Қазақстан құрамасының қанжығасындағы үшінші медаль. Күміс және қола медальдарды дзюдошылар Елдос Сметов пен Галбадрах Отгонцэцэг жеңіп алған болатын.

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support