- Advertisement -

Туған жерге туың тік

233

- Advertisement -

Кәсіпкер Қайрат Молдасейітов ауылына  спорт кешенін салып беретін болды

Қаракемер ауылының тумасы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Отау құрылыс» компаниясының президенті Қайрат Молдасейітов екі жыл бұрын туған ауылында бауырларымен бірге еңселі мешіт және балабақша салдырып, жерлестеріне тарту еткен еді.

14Ә. Нүсіпбаев атындағы орта мектепті бітіргендеріне 30 жыл толған Қайрат туған ауылға сыныптастарымен арнайы атбасын бұрып, соңғы қоңырау салтанатына қатысты. Отыз жыл бұрынғы түлектер арасынан шыққан Атымтай-жомарт азаматқа жерлестері сүйсіне қарады. Салтанатты шарада аудан әкімі Қайрат Досаев ауылдық білім ошағының жас ұрпақты тәрбиелеудегі жетістіктері мен бүгінде кең байтақ қазақ елінің түкпір-түкпірінде әр салада еңбек етіп жүрген түлектерін бүгінгі жас желкен-ге үлгі ете сөйледі.
Жерлес бизнесмен мектеп бітірген 30 жылдық салтанаттарына басты тарту ретінде мектеп жанынан бүтіндей ауылға арнап үлкен спорт кешенін салатынын мәлім етіп, құрылыс жүргізілетін орынға құрылыстың белгісін қойды. Спорт кешенінде қаракемерлік жастар бокс, күрес, волейбол, футбол, тағы басқа спорттың бірнеше түрімен шұғылданатын болады. Келесі жылы 15қараша айында пайдалануға беру көзделген спорт нысанында шұғылданатын жас спортшылар әлі-ақ ауылдың ғана емес, ауданның, тіпті облыстың атын шығарады деп сенеміз.
Қордай ауданы.

Амангелді ӘБІЛ,
«Ақ жол».

Суреттерді түсірген
Алтынбек ҚАРТАБАЙ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support