- Advertisement -

Түркия ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысады

114

- Advertisement -

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің Түркия Республикасына ресми сапары аясында Түркияның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы туралы келісімге қол қойылды.

Құжатқа «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Аxметжан Есімов «ЭКСПО-2017» көрмесінің түрік секциясының комиссары, Түркияның Экономика министрінің орынбасары Тарык Сонмез қол қойды.

Аxметжан Есімов кездесу барысында Түркия ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқығына Қазақстан кандидатурасын қолдағандығын және көрмеге қатысатын басым елдердің тізіміне енетіндігін атап өтті.

«Түркия павильоны көрмеде ең үлкен павильондардың бірі болады. Осы арқылы Түркия Республикасы ЭКСПО-2017 көрмесінде өзінің баламалы энергия көздері саласындағы ең үздік жетістіктерін паш ететіндігіне сенемін», — деді Аxметжан Есімов.

Қазіргі уақытта Анталия қаласында ЭКСПО-2016 бау-бақша көрмесі өтуде. Онда Қазақстан белсенді қатысуда. Осы тұрғыда ұлттық компания басшысы Түркияның xалықаралық көрме өткізу тәжірибесі Қазақстан үшін қызықты екенін де жеткізді.

Өз кезегінде Түркияның экономика вице-министрі Астанадағы көрмеде Түркия жаңғыртылатын энергия көздеріндегі барлық мүмкіндіктерін көрсете алатындығына зор сенімділік танытты.

Сондай-ақ кездесуде көрмеге түрік компанияларының қатысу мүмкіндігі де сөз болды.

Айта кетейік, «Астана ЭКСПО-2017» xалықаралық мамандандырылған көрмеге қатысатын мүше мемлекеттердің тізімін бекіту үдерісі екі кезең бойынша жүреді: алдымен ресми келісім беріледі, кейін қатысу туралы келісімге қол қою болады.Бүгінгі таңда «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға 96 мемлекет ресми келісімін берді, 62 ел қатысу туралы келісімге қол қойды.

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support