- Advertisement -

Рио Олимпиадасының медальдары таныстырылды

80

- Advertisement -

Рио де-Жанейро Олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне табысталатын медальдар таныстырылды, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі.

Риода Олимпиада ойындарында жеңіс тұғырынан көрінетін спортшыларға салтанатты түрде табысталатын медальдар таныстырылды.

Медальда Рио Олимпиадасының логотипі мен Жеңіс құдайы саналатын Никаның фонында Акрополис пен Панатинакоса бейнеленген. Әрбір медальдің салмағы 500 граммды құрайтын 2500-ге жуық медаль дайындалған.

Чемпион атанған спортшыларға табысталатын алтын медальды жасауға сынап пайдаланылмаған. Өндіріс талаптарына сәйкес күміс пен қола медальдің 30 пайызы қайта өңделген материалдардан жасалған.

Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада ойындары 5 тамызда басталып, 21 тамыз күні аяқталады.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support