- Advertisement -

Қайырымдылық қоры елімізде 100 тұрғын үйдің ауласын қалпына келтіреді

118

- Advertisement -

Бүгін Алматыда «Бауыржан» қайырымдылық қоры 10-шы мерейтойлық «Алтын жүрек» қайырымдылық жүлдесін өткізу бойынша өтінімдерді қабылдау шарасын бастады.

Қор өкілдерінің айтуынша, «Алтын Жүрек» жүлдесінің тоғыз жылдық тарихы бар. Осы жылдар ішінде Қазақстан бойынша мыңдаған қайырымды іс-шаралар өткізілді. 100 мектеп салынып, 300 спорттық және балалар алаңдары салынды, жүздеген адамдардың өмірі арашаланды.

Биыл «Алтын жүрек» жүлдесінің 10 жылдығына орай ұйымдастырылатын «Қайырымды істер керуені» акциясы аясында белгілі меценаттар және осы жүлде лауреаттарының күшімен Қазақстан бойынша 100 тұрғын үй аулалары қайта жаңартылады.

«Шын мәнісінде ізгілікті істер істейтін адамдар көп. Өкінішке қарай, соңғы уақытта жағымсыз жаңалықтар көбейіп кетті. Соның себебінен қайырымдылыққа қатысты жақсы жаңалықтар тасада қалып қойып жатыр. Өткен жылы «Алтын жүрек» жүлдесін алуға үміткер ретінде 150 өтінім келіп түсті. Бұл, 10 жыл ішінде рекордтық көрсеткіш», — деді «Бауыржан» қайырымдылық қорының үйлестірушісі Айнұр Сәлімбаева.

«Алтын Жүрек» жүлдесіне үміткер майталмандар үшін өтінім қабылдау altynzhurek.kz сайтында 3 тамызда басталып, 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Осылайша, бір жыл бойы ұйымдастырушылар еліміз бойынша қайырымды іспен ұдайы айналысатын, Атымтайдай жомарт тұлғаларды іздеп, осы заманның жанашырларының қатарын толықтырады.

Сонымен қатар, үміткерлердің кандидатурасын олардың жақсылығын, қайырымдылығын көрген немесе куә болған кез-келген адам ұсына алады.

Айта кетелік, жыл сайынғы «Алтын Жүрек» жүлдесін «Бауыржан» қоры 2007 жылы қайырымдылықты насихаттау мақсатында өмірге келді. Жылына байқау сайтына 100-ден аса өтінімдер келіп түседі. Эксперттік және қоғамдық кеңес, олардың қатарында қайырымдылық ұйымдардың жетекшілері, ҚР қоғамдық және мәдени қайраткерлері өтінімдердерді қарастырып, үміткерлерді іріктейді. «Алтын Жүрек» жүлдесі 11 аталым бойынша тағайындалады. Олар: «Жетім балаларға көмек», «Білім беруді қолдау», «Мүгедек жандарға көмек», «Спорттың дамуына ат салысу», «Ардагерлерге деген ықылас», «Жыл меценаты», «Ақпараттық кеңістіктегі қайырымдылық», «Жыл қайырымдысы»,«Жыл ұйымдастырушысы», «Денсаулыққа қосқан үлесі үшін» және «Қазақстанның дамуына қосқан үлесі үшін» аталымы.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support