- Advertisement -

Күн сәулесінің қуатымен ұшатын ұшақ Жер шарын айналып өтті

135

- Advertisement -

redorbit.com

Solar Impulse 2 ұшағы алғашқы рет Жер шарын айналып өтіп, Біріккен Араб Әмірліктеріне қонды, деп хабарлады жобаның ұйымдастырушылары.

vz.ru-дың мәліметі бойынша, тек күн сәулесінің қуатын пайдаланатын Solar Impulse 2 ұшағы өз саяхатын 2015 жылғы 9 наурызда Әбу-Даби қаласынан бастады. Ол жолда Оман, Үндістан, Мьянма, Қытай, Жапония және АҚШ-тың бірнеше қаласына аялады.

Бұдан бұрын Solar Impulse ұшағының бірінші үлгісі 2011 жылдың жазында халықаралық және трансконтинентальдық әуе сапарларын жүзеге асырған болатын. Компания Жер шарын жанармайсыз айналып өтіп, сол арқылы, жаңартылмайтын қуат көздерінің баламасы бар екенін дәлелдеуді мақсат еткен. Алайда, аталған мақсатқа қол жеткізу үшін бұдан да жетілдірілген ұшақ қажет болды. Оны дайындау жұмыстары 2012 жылы басталды.

Solar Impulse 2 бір орындық ұшағы алғашқы «күнұшақтың» жетілдірілген үлгісі. Қанаттарының құлашы 72 метрді құрайтын бұл ұшақтың салмағы небәрі 2,3 тонна. Бұл – автокөліктің салмағымен пара-пар. Төрт электр қозғалтқышының жабдықтау қанатына жаңартылатын қуат көзі бар 17 мың күн батареясы орнатылған. Жылдамдығы ауа райына байланысты сағатына 50-ден 100 шақырымға дейін барады.

Ақпарат көзі: Егемен Қазақстан

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support