- Advertisement -

Астаналық инженердің өнертабысына Америкадан тапсырыс түсті

90

- Advertisement -

Астаналық инженер Евгений Щербатовтың өнертабысы кеңінен танымал болды. Оның ойлап тапқан трекеріне Сан-Францискодағы Аутист-балалар қауымдастығынан үлкен тапсырыс түсті.

4b951607eb3d777f5bb0db88a52f116d

Сондай-ақ еліміздің компаниялары да сұратып жатыр, деп хабарлайдыBNews.kz.

 Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі ұйымдастырған Technation байқауында жеңімпаз болған инженер Евгений Щербатов өзінің «Мангуст» трекері мұншалықты танымал болады деп ойламаса керек.

f745bdeacb68024512ddc07bceb4cd23

 

«Мангуст» трекері өте берік: сынбайды және су астында да жұмыс істейді, энергияға тиімді (бір рет толтырған қуаты 20 күнге дейін жетеді), өте ықшам, қауіпсіз. Әлемнің ұялы байланыс бар кез-келген жерінде жұмыс істейді. Жоғары дәлдікке ие. Бұған дейін жасалған GPS-жүйелеріне қарағанда, сауда орындары мен жертөлелерде координаттарды жоғары дәлдікпен жеткізеді. Қарапайым, сол себепті де мүгедек жандар да пайдалана алады

Қазір Сан-Франциско қаласындағы Аутист-балалар қауымдастығынан үлкен көлемде тапсырыс бар. Ал елімізде сәлемдемелердің жеткізілуін қадағалап отыру үшін «Қазпошта» АҚ құралға тапсырыс берген. Бұл отандық GPS-қауіпсіздік жүйесі тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ халықаралық нарықта бірегей өнім болып табылады.

1683c7f5aadcf02e3739740be3c4e602

Жобаның құны – 18,8 млн теңге. Оның 90%-дан астамын, яғни 17,7 млн теңгесін «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ қаржыландырған.

Бір кезде баласынан көз жазып қалған Евгений Щербатовқа өміріндегі сол ұмытылмас оқиғасы осынау құралды жасауына түрткі болған. Трекер жаппай саудаға шығарылмаса да, қазірдің өзінде өзі секілді ата-аналар қызығушылық танытқан. Евгенийдің айтуынша, «Мангуст» құралын жасауға 600-ден астам адам өтініш берген, деп хабарлады ұлттық агенттіктің баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі: Stan.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support