- Advertisement -

Қазақстанда лаңкестікті насихаттаған 90-нан астам сайт жабылды

145

- Advertisement -

Қазақстанда лаңкестік пен экстремизмді насихаттаған 94 сайт жабылды, деп хабарлады Астана қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі.

8235834

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті (әрі қарай – Комитет) 2016 жылы Есіл ауданының сотына Қазақстан Республикасының Азаматтық процесстік кодексінің (әрі қарай – Кодекс) 48-тарауына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн ақпаратты қамтитын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн заңсыз деп тану туралы 18 талап – арыз жолдаған.

“Осы санаттағы азаматтық істер аудандық сотпен каралып, талап – арызды қанағаттандыру туралы шешім шығарылған. Кодекстің 54 бабына сәйкес, Астана қаласы “Есіл” ауданының прокуратурасымен аталған істерге прокурордың қатысуы қамтамасыз етіліп, тиісті қарытынды берілген”, — делінген хабарламада.

Азаматтық істерді қарау натижиесі бойынша, Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық қауіпсіздікке кері әсерін тигізетін, терроризм, экстремизм және сепаратизмнің кез келген нысанын үгіттеуге бағытталған 94 сайттың қызметіне шектеу қойылған.

Шешім заңды күшіне енді.

Ақпарат көзі: Stan.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support