- Advertisement -

16 жастағы қазақстандық жігіт Таиландта өткен сән байқауында 1-орын алды

125

- Advertisement -

16 жастағы Сүлеймен Сұлтанов Таиландта өткен Mister Teen International 2016 байқауында 1-орын иеленді, — деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі.

Сонымен қатар, ол дарындылар байқауында өзінің домбыра тартудағы өнерін де көрсетті. Бұл байқауға ол «Қазақстанның жас мырзасы-2016» жүлдесін иеленген соң қатысып отыр екен.

«Мен көп тырыстым және бұл бекер емес. Бұл Таиландта өткен ең тамаша күндер болды. Әрине, байқау халықаралық деңгейде өткізіліп жатқандықтан қиын болды. Барлық қатысушы мықты, әрқайсысының қымбат ұлттық киімдері бар. Барлығы жақсы ән айта алады, билей алады. Осылайша 56 елдің қатысуымен өткен байқауда жеңіске жеттік», — деді Сүлеймен Сұлтанов.

Айта кетейік, Junior Mister International 2016 («Кішкентай мырза»)  номинациясындағы 1-орынды қазақстандық Алмаз Қадыров иеленді.

Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support