- Advertisement -

Жамбыл обысында Конго-қырым қызбасын жұқтырды деген күдікпен екі адам ауруханаға жатқызылды

71

- Advertisement -

Жамбыл облысында  Конго-қырым қызбасын жұқтырды деген күдікпен Сарысу ауданының екі адамы ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды аймақтық ТЖД.

«19 және 20 шілде күндері Сарысу ауданының Саудакент ауылдық ауруханасына Конго-қырым қызбасын жұқтырды деген күдікпен екі адам — 40 жастағы ер адам мен 65 жастағы әйел адам жатқызылды. Екеуінің де жағдайы тұрақты. Эпидемияға қарсы шаралар жасалуда» деді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, сәуір айында кене шаққан Байзақ ауданының тұрғыны көз жұмған болатын. Облыстық денсаулық сақтау басқармасында атап өткендей, Байзақ ауданы осыған дейін Конго-қырым қызбасының ошағы бар аймаққа жатпаған, енді Жамбыл облысының сондай аймақтарына жатқызылатын болады. Облыс бойынша Конго-қырым қызбасының ошағы Мойынқұм, Сарысу мен Талас аудандарында — 70 мың  адам тұратын 49 елді мекенде таралған болатын.

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support