- Advertisement -

АҚШ-тың ықпалдасуымен Тараз оқу полигонында полицейлерге арналған ғимарат салынды

64

- Advertisement -

Жамбыл облысында Халық Қаһарманы полиция капитаны Ғазиз Байтасов атындағы оқу-жаттығу полигоны аумағында оқыту және тұрғын үй бағытындағы жаңа әкімшілік ғимарат пайда болды. Бұл туралы Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Оның ашылу салтанатына Алматыдағы АҚШ Бас консулы Марк Муди, сонымен қатар АҚШ әскери өкілдері қатысты.

Жамбыл облыстық ІІД басшысының орынбасары Қасым Досанов ІІД ұжымын 50 адамға шақталған жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтап, жағдайдың жақсартылуы полицейлердің әскери дайындығының сапасын арттыратынын атап өтті. Сондай-ақ ол америкалық әріптестердің жобаны жүзеге асырудағы үлесін атап өтті.

АҚШ бас консулы Марк Муди бұл аталған саладағы ынтымақтастықтың алғашқы тәжірибесі екенін айтып, полицейлерге жұмысында сәттілік тіледі.

«Ғимарат құрылысы өткен жылы АҚШ-тағы серіктестерінің ықпалдасуымен Жамбыл облыстық ІІД, «Профиль ЛТД» ЖШС және «Technology management company. inc» компаниясымен үшжақты келісім негізінде басталды», — деді ведомствода.

Жаңа ғимарат екі қабатты — 48 х 11,4 метр. Бірінші қабатта қызметтік кабинеттер, кезекшілік бөлім, қару сақтауға арналған бөлмелер, кір жуатын орын, медпункт, конференц-зал, 50 орындық асхана, жуынатын бөлмедер орналасқан. Екінші қабатта 25 жататын бөлме бар.

  Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support