- Advertisement -

Сұлтан Жиенбаевқа ҚР Тұңғыш Президентінің — Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы берілді

59

- Advertisement -

Қоғам қайраткері Сұлтан Сүлейменұлы Жиенбаевқа 2016 жылғы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің — Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы берілді. Аталған Қаулы ресми БАҚ-та жарияланды.

 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің — Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру туралы

  

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің — Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру туралы» 2001 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаулы етемін:

  1. Қоғамдық және этносаралық келісімді орнықтыруға, Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін қоғам қайраткері Сұлтан Сүлейменұлы Жиенбаевқа 2016 жылғы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің — Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы берілсін.
  2. Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.НАЗАРБАЕВ

  Астана, Ақорда, 2016 жылғы 21 шілде  №302

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support