- Advertisement -

Жамбылдық боксшы халықаралық жарыста топ жарды

100

- Advertisement -

Ағымдағы жылдың 11-16 шілдесі аралығында Херсон (Украина) қаласында бокстан Кеңестер Одағына еңбегі сіңген спорт шебері Николай Мангер атындағы «А» санатындағы Халықаралық Мемориал өтті. Бұл туралы Жамбыл облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.
Жарысқа Белоруссия, Израил, Камерун, Молдава, Румыния, Грузия, Қазақстан және Украина мемлекеттерінен барлығы 100-ден аса спортшы қатысты. Жамбыл облысынан барлығы 3 спортшы қатысып, нәтижесінде 60 келі салмақ дәрежесінде Сәрсенов Мирас-Әли І орын және 56 келі салмақ дәрежесінде Бескемпіров Әлімжан ІІІ орын иеленді.
Сондай-ақ, Сәрсенов Мирас-Әли жарыстың «Ең үздік боксшысы» атанды. Аға жаттықтырушы -Көпболсын Сыдығалиев.
Аталған спортшылар М. Х. Дулати атындағы ТарМУ студенттері болып табылады.
 

 

Ақпарат көзі: Zhambyl.News

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support