- Advertisement -

Астананың жүргізушілері көлік нөмірлерін шалшықтардан іздеп жүр

130

- Advertisement -

Астанада нөсер жауынның салдарынан орталық көшелерді су басқаны соншалық, қала тұрғындары көптеген көліктің жұлынып қалған мемлекеттік нөмірін шалшықтардан тауып алып жатыр.

Әлеуметтік желіні пайдаланушылар табиғаттың тосын мінезі жайлы бейнежазбалары мен суреттерін сол сәтте көпшілікпен бөлісіп жатты. Мәселен, Facebook әлеуметтік желісін пайдаланушы Ғафур Бақтығұлов жаңбырдан соң табылған ондаған көліктің нөмірін суретке түсіріп салған.

 

Еске сала кетсек, соңғы уақытта толассыз жауған жауыннан елорданың жолдары айдынға айналды. Соның салдарынан көліктердің де, жаяу жүргіншілердің жүріп-тұруына қиындық туды. Қазгидрометтің айтуынша, екпіндей соққан жел, жауын-шашынды ауа райы әлі бірнеше күнге созылады.

Ақпарат көзі:  www.bnews.kz 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support