- Advertisement -

Жамбыл облысында ұшағы апатқа ұшыраған әуе компаиясының басшысы сотталды

76

- Advertisement -

Владимир Круч өзінің жеке шағын әуе кемесін арнайы дайындықтан өтпеген ұшқыштарға бергені үшін жауапқа тартылды.

 Жамбыл облысындағы 6 адамның өмірін жалмаған әуе апатына АН-2 ұшағының қожайыны кінәлі деп танылды. «OLIMP AIR» әуекомпаниясының басшысы енді 5  жылын темір торда өткізіп қана қоймай, жазасын өтеп шыққасын тағы 3 жыл авиация саласында қызмет ете алмайтын болды деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Былтыр қаңтардың 20-сы күні АН-2 ұшағы Шу ауданындағы Шатыркөл кен орнын маңына құлаған. Үш экипаж мүшесі мен «Қазақмыстың» 3 қызметкері оқиға орнында опат болды.

Владимир Круч өзінің жеке шағын әуе кемесін арнайы дайындықтан өтпеген ұшқыштарға бергені үшін жауапқа тартылды. Яғни қауіпті жағдайларға дайын болмаған экипаж мүшелері, ауа райы қолайсыздығы кезінде ұшақты игере алмай апатқа ұшыраған. Оның үстіне әуе техникасының биіктікті анықтайтын қондырғысы да істен шыққан екен.

Тек 28 жастағы геолог Әсем Шаяхметова аман қалған. Айта кетейік, әуекомпаниясының директоры 5 жыл жаза арқалауымен қатар, Әсемге де моралдық және мотериалдық шығын есебінде 12 млн теңге беретін болды.

Ақпарат көзі: Қазақстан жаңалықтары

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support