- Advertisement -

«Сіз қарулы екенсіз»

119

- Advertisement -

Нұрғазы ұзақ жыл бұрынғы Калинин колхозында бастықтың қызметтік көлігіне жүргізуші болған. Бастықтар ауысып тұрады. Бір жылдары ол колхозға Ұлы Отан соғысының ардагері, әр қимылы батырға ұқсас Айтжан Әбішев деген кісі бастық болады. Бір жолы Айтекең егіс даласын аралап келе жатқанда көліктің артқы бір дөңгелегінің желі шығып, жарылып қалады. Жөндей қояйын десе, Нұрғазы да артық дөңгелегі болғанымен, домкраты жоқ екен.
Әй, Нұрғазы, ауыстырмайсың ба баллонды, – депті колхоз басшысы.
– Домкратым үйде қалып кетті, – дейді жүргізуші.
– Ол неге үйде қалады? – деп Әбішев ашулана бастайды.
– Басеке, оның себебі бар. Бұрынғы бастығым осылай жол жүргенде көлігімнің дөңгелегі жарылса, машинамның шоңқайып, төмен түсіп тұрған тұсын өзі көтеріп тұрушы еді, мен балонды ауыстырып алғанша, – деп аяқ астынан әзілдеп, амал тауып кетіпті.
Батыр аңғал деген рас. Бір кезде «Әй, дөңгелегіңді ауыстырсаңшы!» деген өктем дауыс шығады. Нұрғазы көлігінен түсіп қараса, бастығы жарылған дөңгөлек жағын көтеріп тұр екен. «Әзілден өрт шықты» деген осы. Әзілқой жүргізуші дереу баллонды ауыстыра қояды. Бұлар қозғалып, жүріп кетеді. Бастық көңілді.
– Әй, Нұрғазы, жарылған дөңгелек тұсын қалай көтергенімді көрдің. Мен күштімін бе, бұрынғы бастығың күшті ме екен? – дейді Әбішев.
– Шынымды айтайын, сіз күшті екенсіз, – депті жүргізуші.
– Неге? – дейді бастық.
– Себебі, бұрынғы бастығым жарылған дөңгелекті көтерерде «Құдайым, өзің қолда» деп, сыйынып барып көтеруші еді. Сіз үн-түнсіз шелек көтергендей көтере салдыңыз, – деген екен.

Есет Жаңабайұлы.

Шу ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support