- Advertisement -

Табысымыз – ішкі тұрақтылықтың кепілі

65

- Advertisement -

БықыбаевЕрмек Бықыбаев,

облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары.

Әлемдік даму көшіне ілескен Қазақстан – тәуелсіздік жылдары қоғамдық институттардың дамуына жол ашты. Соның нәтижесінде әлемдік қауымдастықтардың ықпалды мүшесіне айналды. Конституциялық жолмен мемлекеттік және саяси билік құрылымдарын жаңартудың арқасында ел демократиялық жолмен дами бастады. Оған ішкі экономикалық жүйемізді өзгертіп, дамыған өркениетті мемлекеттермен иық түйістіре алатындай, нарықтық қатынастар мен институттар құруымыз негіз болды.
Рас, өтпелі кезең тәуелсіз жас мемлекетімізге оңай соққан жоқ. Жаппай жұмыссыздық жайлап, халық күнкөріс қамы үшін базар жағалап кеткені бар. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуі сәтіндегі қиын-қыстау кезең еді. 25 жылдың бедерінде бұл қиындықтар артта қалды. Бүгінде бар ауыртпашылықты артта қалды деуге толық негіз бар. Өйткені, елімізде көптеген өндіріс ошақтары ашылып, жұмыссыздық азая түсті. Тіпті, бұл күнде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өзі жұмыспен қамтылып, кейбірі өз кәсіптерін дөңгелету үстінде. Оған мына деректер дәлел бола алады.
Мәселен, өңірімізде 42914 мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Олардың 5435-сі – 18 жасқа толмағандар. Өткен жылы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалту мақсатында облыстық бюджеттен 354,5 миллион теңге бөлініп, 5040 адам әлеуметтік оңалту құралдарымен қамтылды. Одан бөлек, 7115-іне Тараз қаласы мен аудан бюджеттерінен бөлінген 666,7 миллион теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты 5 медициналық-әлеуметтік мекемеде толық мемлекет қамқорлығындағы 1064 адам 8 бағыт бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер алуда. Ал жартылай стационарлық жағдайдағы мүгедектерді және мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталықтарында 180 адамға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілуде. Осы мақсатта биыл 2115,0 миллион теңге бөлінді. Бұл сома өткен жылмен салыстырғанда 14 пайызға артық. Биыл үкіметтік емес ұйымдар тарапынан ұсынылатын 3 әлеуметтік жобаға республикалық бюджеттен 20319,5 миллион теңге және 16 әлеуметтік жобаға облыстық және жергілікті бюджеттен 173,2 миллион теңге бөлініп, 2466 мүмкіншілігі шектеулі азамат аталған қызмет түрлерімен қамтылады. Бұл бағыттағы жұмыс әрбір мүгедекке жеке ұсынылатын әлеуметтік көмектердің сапасын арттыру және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін жартылай стационарларды үкіметтік емес сектор арқылы жалғасуда.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетумен қатар, жұмыспен қамту мәселесі де бүгінгі таңда өзекті болып отыр. Осы міндетті орындау үшін арнайы жоспар жасалды. Жоспар бойынша 487 адамды жұмыспен қамту көзделуде.
Осы жылдың сәуір айына дейін «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 272 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмыспен қамтылды. Олардың 57-сі тұрақты, 151-і уақытша жұмысқа тартылды. Уақытша жұмыспен қамтылғандардың 87-сіне ақылы қоғамдық жұмысқа, 53-іне әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама берілсе, 11-і жастар тәжірибесімен жұмысқа тұрды.
Бұл сөз жоқ, тәуелсіздігіміздің жемісі. Тәуелсіз мемлекетіміз 25 жылдың ішінде ауыл шаруашылық, өнеркәсіп, кәсіпкерлік секілді салаларды дамытумен қатар, ел әлеуетін көтеретін түрлі бағдарламалар қабылдап, жүзеге асырды. Яғни, ел болып қалыптасуымыз елімізде жүргізілген реформалар мен жаңа әлеуметтік саясаттың қалыптасуымен тығыз байланысты.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support