- Advertisement -

Боксшы Жұлдызбен осылай кездесіп едім

87

- Advertisement -

Жулдыз2013 жыл. Кешенді тестілеуден өтетін күн. Анам екеуміз аудитория нөмірі бойынша тобымды тауып, көп талапкерлердің арасына тұра қалдық. Таныс біреу-міреу бар ма екен деп, айналама көз салдым. Көзтаныс ешкім көрінбеді. Тек көзіме шалынғаны ірі денелі, бойшаң, қараторы, шашы қысқалау, қимыл-әрекеті ер балаларға ұқсайтын қыз болды…
Кейін сөйлесе келе, оның бокстан Азия чемпионы, ұлты өзбек Жұлдыз Маматқұлова екенін білдім. Қазақстанға 2002 жылы көшіп келіпті. Әкесі бокстан жаттықтырушы екен. Содан болар, 3 жасынан бокс залына барыпты.
Жұлдыз әзілқой, ашық мінезді, жайдары қыз екен. Емтитиханға екеуміз қатар кірдік. Ол тест сұрақтарына жауап берісімен, алғашқылардың қатарында сыртқа шығып кетті. ТарМУ-дың «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша оқуға түспекші. Мен журналист болғым келетінін айтқам.
Боксшы Жұлдызбен таныстығым осылай басталған еді. Кейін университетте жолықтық. Мені бірден таныды.
Ерік-жігері мықты, алдына үлкен мақсаттар қоя білетін спортшыға қарап, менің де көзқарасым өзгергендей. Спортқа деген қызығушылығым пайда болды. Өткен жолы оның әлем чемпионатына дайындалып жатқанын естігенімде, спорт журналисі болғым келді. Спорт саңлақтарымен бірге олимпиадаға барып, спорт күнделіктерін елге таныстырсам деген ой келді.
Жұлдыз әлем чемпионатында жеңіліп қалды. Бірақ, мен оның жігері мықты екенін білемін. Дегенмен, ол ер мінезді болғанымен, жан дүниесі нәзік. Сондықтан, мен оған алдағы уақытта да талмай жаттығып, тер төккен еңбегінің жемісін көріп, Қазақстан туын асқақтата бер деп тілеймін. Журналистердің айтар жақсы жаңалықтарының арқауына айналсын сенің жеңісің!

Фатима Бахтияр,
ТарМУ-дың журналистика мамандығының 3-курс студенті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support