- Advertisement -

Менің жеңгелерім

161

- Advertisement -

Бала күнімдегі мына бір оқиға есімде қалып қойыпты. Жаз мезгілі болатын. Күн шақырайып тас төбеге көтерілгенше жастықтан бас алмайтын, үшіншіні бітіріп, төртінші сыныпқа көшкен балаң шағым. Таңертең көрші әйелдің дабырлаған даусынан оянып кеттім. Ұйқысырап біраз жатып, далаға шықсам, Мәриям апай: «Әлі ұйықтап жатырмысың, ағаң саған жеңге әкеле жатыр! Әдемі киіміңді киіп, біздің үйге кел, жеңгеңнің жанында отырасын», – деді де үйіне қарай жүгірді. Қуаныштан болар, есі шығып абдырап жүрді.

Жас келін орта бойлы, қара шашты, аққұбаның сүйкімдісі екен. Еркінен тыс, алдап әкелгеніне налыды ма – ұзақ жылады. Қасында құрбысы бар екен. Бір шикілік содан шыққан секілді. «Неге ескертпедің маған, Азаматқа не деп айтамын енді» деп жатқанын естідім. Өзімше, Азамат деген жігіті шығар деп топшыладым. Сонда ағама жеңгемізді қасындағы құрбысы алдап, алып шығарып беріп отыр-ау, шамасы. Сүйкімді жанның жеңгем болғанын іштей қалап тұрсам да: «Жеңгем сияқты ақымақ болып қалмау үшін қыздарды мүлде жан құрбы қылмаймын, ертеңгі күні мені де осылай алдаса, қайтемін?» – дегем сол кезде іштей күбірлеп. Бүгінде бұл көрші жеңгеммен арамыз өте тату, әпкелі-сіңлідей араласамыз. Мені тәтті шәйіне шақырып, тіпті мерекелерде маған арнап сыйлық беріп, қуантып жүруді де ұмытпайды.
Бала кезімде жазғы демалысымның біраз күнін нағашымның ауылында өткізетінмін.Үлкен үйде Эльмираш есімді жеңгем бар. Нағашы ата-апам тұратын қара шаңырақты үлкен үй дейміз. Жеңгем менің келетінімді алдын ала біліп алып, неше түрлі тәтті тағамдар әзірлеп, мен жақсы көретін тапанша нанын пісіріп қоятын.
Жеңгем өте пысық. Таңның атысы, күннің батысы бір тынбайды. Ерте тұрып, сиыр сауады, құрт жаяды, күбі пісіп, қазан ошаққа ас әзірлейді. Бір мезгіл біз секілді ойынға аңсары ауып тұратын балаларға да көңіл бөліп қоюды ұмытпайтын. Қалаға қайтар уақыт келгенде, сөмкемді жаз бойы өз қолымен әзірлеген құрт-ірімшікке, айран-сүтке толтырып шығарып салады.
Тағы бір нағашы жеңгемнің есімі – Индира. Қолынан келмейтіні жоқ, пысық. Шаршадым деп қабақ шытынған кезі жоқ. Қалада, пәтерде тұратын біздерді айына бір рет іздеп келуді ұмытпайды. Аш құрсақ жүретін студенттерге деген «сыбағасын» да тастаған емес. Дорбасында бәрі бар. Тіпті, тамағын да пісіріп ала келеді.
Ізгілік жақсы пейілден басталады. Отбасындағы ырыс-құтты сақтауды ойлайтын жеңгелерім өз ақыл-парасатын осылай көрсетеді екен-ау. Олар осынысымен-ақ тату-тәтті тіршіліктің тірегіне айналып отыр. Басқаны қайдам, міне менің осындай асыл жеңгелерім бар.

Отбасындағы береке әйелге байланысты екенін ұмытпайық.

Әзиза Әбдірайымова,
ТарМУ-дың студенті.

Жас келін орта бойлы, қара шашты, аққұбаның сүйкімдісі екен. Еркінен тыс, алдап әкелгеніне налыды ма – ұзақ жылады. Қасында құрбысы бар екен. Бір шикілік содан шыққан секілді. «Неге ескертпедің маған, Азаматқа не деп айтамын енді» деп жатқанын естідім. Өзімше, Азамат деген жігіті шығар деп топшыладым. Сонда ағама жеңгемізді қасындағы құрбысы  алдап, алып шығарып беріп отыр-ау, шамасы. Сүйкімді жанның жеңгем болғанын іштей қалап тұрсам да: «Жеңгем сияқты ақымақ болып қалмау үшін қыздарды мүлде жан құрбы қылмаймын, ертеңгі күні мені де осылай алдаса, қайтемін?» – дегем сол кезде іштей күбірлеп. Бүгінде бұл көрші жеңгеммен арамыз өте тату, әпкелі-сіңлідей араласамыз. Мені тәтті шәйіне шақырып, тіпті мерекелерде маған арнап сыйлық беріп, қуантып жүруді де ұмытпайды.Бала кезімде жазғы демалысымның біраз күнін нағашымның ауылында өткізетінмін.Үлкен үйде Эльмираш есімді жеңгем бар. Нағашы ата-апам тұратын қара шаңырақты үлкен үй дейміз. Жеңгем менің келетінімді алдын ала біліп алып, неше түрлі тәтті тағамдар әзірлеп, мен жақсы көретін тапанша нанын пісіріп қоятын. Жеңгем өте пысық. Таңның атысы, күннің батысы бір тынбайды. Ерте тұрып, сиыр сауады, құрт жаяды, күбі пісіп, қазан ошаққа ас әзірлейді. Бір мезгіл біз секілді ойынға аңсары ауып тұратын балаларға да көңіл бөліп қоюды ұмытпайтын. Қалаға қайтар уақыт келгенде, сөмкемді жаз бойы өз қолымен әзірлеген құрт-ірімшікке, айран-сүтке толтырып шығарып салады.Тағы бір нағашы жеңгемнің есімі – Индира. Қолынан келмейтіні жоқ, пысық. Шаршадым деп қабақ шытынған кезі жоқ. Қалада, пәтерде тұратын біздерді айына бір рет іздеп келуді ұмытпайды. Аш құрсақ жүретін студенттерге деген «сыбағасын» да тастаған емес. Дорбасында бәрі бар. Тіпті, тамағын да пісіріп ала келеді. Ізгілік жақсы пейілден басталады. Отбасындағы ырыс-құтты сақтауды ойлайтын жеңгелерім өз ақыл-парасатын осылай көрсетеді екен-ау. Олар осынысымен-ақ тату-тәтті тіршіліктің тірегіне айналып отыр. Басқаны қайдам, міне менің осындай асыл жеңгелерім бар.
Отбасындағы береке әйелге байланысты екенін ұмытпайық.
Әзиза Әбдірайымова,ТарМУ-дың студенті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support