- Advertisement -

Жүзден жүйріктер

66

- Advertisement -

Таяуда Алматы шаһарында жеңіл атлетикадан ел кубогі үшін аламан жарыс өтті. Еліміздің барлық өңірінен кілең «сен тұр, мен атайын» деуге лайық желаяқтар топқа түскен сында жамбылдықтар жүлдесіз қалған жоқ. 162 спортшы бақ сынаған ел кубогі жолындағы бәсекеде жерлестеріміз үш қашықтықта олжа салды.
3000 метрлік кросс жарысында Дмитрий Иванчуков қарсыластарынан қара үзіп, жеке дара мәре сызығын бірінші болып кессе, алдымен 100 метрлік спринт жарыста бақ сынаған Светлана Голендова үшінші орынды, кейінірек 200 метрлік қашықтықта бірінші орынды иеленді.
Саңлақтарымыз әлі талай жарыста олжа салары сөзсіз.

Гүлжанат Төленова,
ТарМУ-дың студенті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support