- Advertisement -

Аянбаймын!

111

- Advertisement -

Оу, міне, біз де келдік,
Қалжыңның қағанатына.
Сатираға саңлағы болғымыз кеп,
Көпендей керіліп, Толымбектей толғымыз кеп.
Табандап,
Алаңдап,
есік аштық.
Әзірге, табалдырықта тұрмын, білемін,
Қашан екенін айтпаймын,
Әйтеуір бір күні кіремін…

Оспанхан! Шона! Көпен!
Секілді, бәрі ағам, көкем.
Мен де оларға емеспін бөтен.
Бұйыртса, тыңнан салармын түрен!
Оған дейін, дей көрмеңіздер:
«Олардың жанында мені кім ең?»

…Біреулер маған да тілің «қисық, қыңыр, қотыр» дейді,
Сол үшін, кей жерде және көп жерде,
Өзіңді күштеп,
Тіліңді тістеп отыр дейді.
Онсыз да орнымды табу үшін,
Ойда-жоқта оттай,
тұтанған шоқтай,
лап етіп жану үшін,
біраз болды, отырмын.
Мейлі отыра берермін…
Қалғанын жол-жөнекей көрермін.
Әзірше, осылай аяңдаймын.

Асылзат Жұмабай.

Жуалы ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support