- Advertisement -

Жетісіппіз

110

- Advertisement -

(әзіл әңгімелер)

 Бәрі кабинетте болды. Ағайдың алдында отырмын, көзімді мөлитіп алдым. Алдында ғана дәлізде көргенде шошаңдап-ақ жүргенмін. Бірақ алдында тым артық олай етпей-ақ қояйын дедім.

– Ал айт, – деді ағай.
– Айтқанда, сәл аздау болып тұр. Емтиханға кірмей қалатын сияқтымын, – дедім өтірік басымды салбыратып. Сәл даусын төмендетіп:
– Әй, маған да сол аздау болып тұр. Сен қос, мен де қосайын.
– Құрметті Ырбиған Тырбиғанұлы, анау әшкиіңіздің артында көз тұр, көздің төменгі жағынан бір сөздер шығып жатыр. Жоғары жақтағы миыңыздың содан хабары бар ма? Ұялсаңызшы, жетер осы. Тағы елу студент бар ғой, – дедім. Ырбиған Тырбиғанұлының одырайған көздері шодырайып кетті де:
– Әй, сен де қызықсың, бәрінің есеп-қисабы бар ғой. Ол елу студенттікі «уже» есептеулі. Өзің біл! – деп салды.
– Өзім білсем, өзім білейін.
– Тоқта! Сен де мені түсінші! – деді.
Көздерінде әйелінің ақша сұрап тұрған суреті тұр. Қарасам, енді бұл кісінің көздері мөлдіреп кетіпті. Ал менің жаным елжіреп кетті.
Құрысын, шошып кеттім.
Сосын аяп кеттім.
– Мейлі! – деп ақшамды қостым-дағы, есікке қарай таяп кеттім.
– Әп, бәрекелді! Бүгін үйде бір «сюрприз» бар деп еді. Сюрпризге сюрприздей ақша керек, – деп Ырбиған Тырбиғанұлы қуанып қалды.

Асылзат Жұмабай.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support