- Advertisement -

Жаратылысы таңғажайып ағаштар

606

- Advertisement -

Қансорғыш

Ауғанстанда қансоратын терек өседі. Оның биіктігі екі метр, жуандығы 10 сантиметр. Теректің өн бойы толған түйіршік. Егер теректің жапырағына қол тиіп кетсе болды, дереу жабысып, қанын сорып, ақжемін шығарады екен.
Кезінде Германия, Франция, Италия жабайы өсімдіктерді тексеру бірлескен отряды сол жерге барып, зерттеу жүргізген екен. Солардың бірі осы ғажайып теректі көріп, таңдана жапырағын ұстапты. Сол-ақ екен, оның алақаны жапыраққа жабысады да қалады. Қалай бұлқынса да, қолын ажырата алмайды. Жапырақ оның қолын мұжып, қанын сора бастайды. Әріптесінің жанын алып қалу үшін, зерттеушілер отрядының жетекшісі амалсыздан оның қолын шауып тастайды.
Бұл оқиға өсімдік зерттеушілердің назарына ілігеді. Олар әрі қалың, әрі мықты жасалған ерекше қолғап киіп, теректі ұстап, оның сырын ашпақ болады. Бірақ, ағаш жапырағы адам қолымен қоса, қолғапты жабыстырып алып, дереу тесіп жібереді. Олар қолғаптан қолдарын зорға шығарып үлгергені сол, қолғаптың лезде дал-дұлы шыққанын көреді. Содан бері бұл ағаштың құпиясы ашылмаған. Батылдары жетіп, зерттеумен айналысушылар да шықпаған.

Кір кетіргіш

Жерорта теңізінің оңтүстік жағалауындағы Алжирде таңғажайып, қабығы қызыл, бұтағы жуан, жапырағы қалың ағаш бар. Жергілікті тұрғындар оны «Бодан» деп атайды. Ол «кіркетіру» деген мағынаны білдіреді екен.
Тұрғындар кірлеген киімдерін ағашқа орап қойып, бірнеше сағаттан соң таза сумен шайып алатын көрінеді. Бір сөзбен айтқанда, ағашты кірлерін тазарту үшін қолданады екен.
Зерттеушілер, негізінде бұл ағаштың қабығында сарғыш түсті сұйықтық бөліп шығаратын көптеген ұсақ тесіктер бар екенін, ал сұйықтықтың құрамында тазартқыш рөлін атқаратын сілті барын анықтаған.

Адам жегіш

Индонезияның Ява аралында «Янбай» деп аталатын адам жейтін қорқынышты ағаш бар. Жайшылықта бұл ағаштың бұтақтары шұбалып, жайылып жатады. Ал адам немесе аң байқамай бұтақтың біріне тиіп кетсе, ағаш бұтақтары әп-сәтте «жемтігін» шырмап алады екен. Сол сәтте ағаш бұтақтарынан жабысқақ сұйықтық бөлініп, шырмалған денені ірітіп жібереді дейді. Соңынан бұтақтарын қайтадан жайып, жемтік болар асын күтеді екен.

Ауа райын болжағыш

Ауа райын болжағыш шымыр емен ағашы қоңыр жай белдеуде өседі. Мұндай емендер Қытайда, Оңтүстік Кореяда, Жапония мен Индияда көптеп кездеседі. Оның жапырағының түсі ауа райының өзгерісіне қарай құбылып тұратындықтан, «Ауа райынан мәлімет беретін ағаш» деп аталған.
Бұл ағаштың ауа райының өзгерісіне сезімталдығы жоғары. Ол өзгеріс негізінен емен жапырағының құрамындағы хлорофилл мен антоцианин салыстырмасының өзгерісіне қарай құбылатын көрінеді. Мәселен, ұзақ уақытқа жалғасқан қуаңшылықтан соң, жауын таяғандығы тымырсық ыстықта хлорофилдің қосылысы кедергіге жолығып, антоцианин құрамы артады да, жапырағы қызарса, осы өңірге екі күн ішінде нөсер жауатынын білдіреді. Күн ашыларда жапырақ жасыл түске өзгереді. Егіншілер осыған қарай атқаратын шаруаларына жоспар жасайды екен.

Биші

Қытайдың көрікті Шишуаңбанна деген жерінде, Мыңла ауданының маңындағы ежелгі орман ішінде билей алатын сәмбі тал бар. Егер осы ағаштың қасында музыка қойсаңыз, ағаш әуеннің ырғағына ілесіп, билейді екен.
Сәмбі талдың биі әуенге қарай өзгеріп отыратын көрінеді. Мысалы, жеңіл музыка немесе лирикалық ән болса, ағаш мың бұралған биші арудай тербеледі дейді. Музыка шырқау биікке көтерілген сайын ағаштың биі де әсемдене түседі. Ал шуылы көп музыканы қойсаңыз, ағаш билемей қояды екен. Сондықтан жергілікті тұрғындар оған «билейтін ағаш» деп ат қойған.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support