- Advertisement -

Жұмысшының жұлдызы жоғары

115

- Advertisement -

«WorldSkills Kazakhstan» жобасы өндірістік еңбекті арттыру, сарапшылар одағын құру, мамандарды даярлау және кәсіби бағдар беру механизмдерін қамтитын, халықаралық стандарттар негізінде техникалық мамандықтар бойынша жоғарғы технологиялық өндіріс саласын мамандармен қамтамасыз ету механизмін құруды көздейді. Осы міндеттің үдесінен шығу үшін үздік жас кәсіп иелерін анықтайтын «WorldSkills Kazakhstan» Ұлттық чемпионаты дәстүрлі шараға айналып келеді.
Астана қаласында өткізілетін биылғы чемпионатқа облысымыздың атынан қатысатын қатысушылар анықталды. Атап айтсақ, Тараз химия-технологиялық колледжінің студенті Мәулен Шабан «Аспаздық ісі» бағытында, №12 Тараз колледжінің үміткері Альджон Бабаршаев «Пісіру технологиялары», №1 колледждің түлегі Мәдина Қошмахан «Шаштараздық өнері» бойынша cынға түспек. Ал Жамбыл политехникалық колледжінде білім алып жүрген Игорь Тетерюк үздік «Электромонтажды жұмыстарын» ұсынса, Абай атындағы Жамбыл гуманитралық колледжінің студенті Жанерке Садырбаева «Мектепке дейінгі тәрбие» саласында өзінің кәсібилігін көрсетпек.
Жалпы, чемпионатқа қатысушылар 18 және 20 жас аралығындағы жастар болуы тиіс. Оған колледж, жоғары оқу орындарының студенттері немесе кәсіпорын жұмыскерлері де қатыса алады. Үздік шыққандарға халықаралық «WorldSkills International» чемпионатында бақ сынауға мүмкіндік туады.
WorldSkills International коммерциалық емес халықаралық ассоциация 1946 жылы құрылған. Бұл – қатысушы мемлекеттер арасында кәсіптік шеберлік чемпионаттарын өткізетін ұйым. Әлеуметтік-экономикалық қайта дамудың нақты құралы ретінде кәсіптік білімнің маңыздылығын көрсетуді мақсат тұтады. Қатысушы 75 мемлекеттің тәжірибесі көрсеткендей, халықаралық ұйымның бұл қадамы көздеген үдеден шығып келеді. Жаңа идеялар мен үдерістерге мектеп оқушыларын техникалық мамандықтарды таңдауға итермелейтін шараның тиімділігіне көз жеткізген көршілес Ресей 2019 жылы аталмыш чемпионатты Қазан қаласында өткізуге өтініш білдірген.

Камила Борашова.

Тараз қаласы.

«WorldSkills Kazakhstan» жобасы өндірістік еңбекті арттыру, сарапшылар одағын құру, мамандарды даярлау және кәсіби бағдар беру механизмдерін қамтитын, халықаралық стандарттар негізінде техникалық мамандықтар бойынша жоғарғы технологиялық өндіріс саласын мамандармен қамтамасыз ету механизмін құруды көздейді. Осы міндеттің үдесінен шығу үшін үздік жас кәсіп иелерін анықтайтын «WorldSkills Kazakhstan» Ұлттық чемпионаты дәстүрлі шараға айналып келеді. Астана қаласында өткізілетін биылғы чемпионатқа облысымыздың атынан қатысатын қатысушылар анықталды. Атап айтсақ, Тараз химия-технологиялық колледжінің студенті Мәулен Шабан «Аспаздық ісі» бағытында, №12 Тараз колледжінің үміткері Альджон Бабаршаев «Пісіру технологиялары», №1 колледждің түлегі Мәдина Қошмахан «Шаштараздық өнері» бойынша cынға түспек. Ал Жамбыл политехникалық колледжінде білім алып жүрген Игорь Тетерюк үздік «Электромонтажды жұмыстарын» ұсынса, Абай атындағы Жамбыл гуманитралық колледжінің студенті Жанерке Садырбаева «Мектепке дейінгі тәрбие» саласында өзінің кәсібилігін көрсетпек.Жалпы, чемпионатқа қатысушылар 18 және 20 жас аралығындағы жастар болуы тиіс. Оған колледж, жоғары оқу орындарының студенттері немесе кәсіпорын жұмыскерлері де қатыса алады. Үздік шыққандарға халықаралық «WorldSkills International» чемпионатында бақ сынауға мүмкіндік туады.WorldSkills International коммерциалық емес халықаралық ассоциация 1946 жылы құрылған. Бұл – қатысушы мемлекеттер арасында кәсіптік шеберлік чемпионаттарын өткізетін ұйым. Әлеуметтік-экономикалық қайта дамудың нақты құралы ретінде кәсіптік білімнің маңыздылығын көрсетуді мақсат тұтады. Қатысушы 75 мемлекеттің тәжірибесі көрсеткендей, халықаралық ұйымның бұл қадамы көздеген үдеден шығып келеді. Жаңа идеялар мен үдерістерге мектеп оқушыларын техникалық мамандықтарды таңдауға итермелейтін шараның тиімділігіне көз жеткізген көршілес Ресей 2019 жылы аталмыш чемпионатты Қазан қаласында өткізуге өтініш білдірген.
Камила Борашова.
Тараз қаласы.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support