- Advertisement -

Кентаудағы жұмбақ ағаш

102

- Advertisement -

Оның жапырағын жұлған адамның түсіне небір жаман оқиғалар кіреді дейді

ОҚО-да жапырағы жұлынса, адамның түсіне небір жаман оқиғалар кіретін ағаш бар. Ол – Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында 1300 жылдан бері өсіп тұрған тұт ағашы.
Алып ағаштың енін бойлағанда алты адамның құшағы әрең жетеді. Өзі салбырап, құлауға айналған кейіпте болғанымен, діңгегі берік. Ағаштың ортасы кеуектеніп кеткен. Жаңбыр жауа қалса, ішіне онға жуық бала кіріп паналап отыруға болады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Тарихи тұт ағашы ауылдағы Имам Бақли мазарында орналасқан. Ауылда ағаштың тарихи жөнінде көптеген аңыз әңгімелер бар. Соның бірінде елді исламға шақырып, мұсылманшылықты үйреткен үлкен діндар кісі Имам Бақлидің отырғызған тұт ағашы деген де бір әпсана бар. Сондай-ақ, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әскер басылары осы тұстан өтіп бара жатып, тұт ағашының шыбығын жерге қадап кеткені жөнінде айтылады.
Ауыл ақсақалдары тарихи тұт ағашы ауылда екеу болғанын айтады. Оның бірі ауыл балалары сол маңда от жағып ойнап жүрген кезінде байқамай өртеніп кетіпті. Ақсақалдардың айтуынша алып ағаштың әулиелік қасиеті де жоқ емес. Қазіргі өсіп тұрған ағаштың бір жерін түртіп, жапырағын жұлып, зиян тигізсе адамның түсіне небір жаман оқиғалар кіреді екен. Бұрындары ағаштың төменгі жағынан өзен аққан. Көпшілік науқастар соның суын ішіп, ауруынан тез айығып, дертіне шипа тапқан кездері де көп болыпты.
Бұрындары мұнда алыстан зиярат етіп келушілер көп болған. Әлі де әулие ағашын көру үшін алыстан келетіндер бар.
Қазір алып ағаш қартайғанымен, өмір сүруге деген ұмтылысын жойған емес. Жыл сайын бұтақтары көгеріп, жапырақ ашады. Бір қызығы мұндағы тұрғындарының көпшілігі ауылда осындай алып ағаштың бар екенін білмейді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support