- Advertisement -

Бүлінбейтін нан пісіретін технология шығарды

135

- Advertisement -

Америкалық Microzap компаниясы 60 күнге дейін нанды көгертпей сақтауға болатын технологияны ойлап шығарды.

Жаңа әдіс нан құрамын бұзатын бактерияларды жояды. Осы технология жөнінде Microzap директоры Дон Сталл: «Нанды бактерия өлтіретін арнайы пеште пісіргеннен кейін екі апта өтсе де, нан сол қалпы пештен жаңа шыққандай түрін сақтап тұрады», – дейді. Өндірушілер бұл әдістің азық-түлік санын үнемдеу үшін өте пайдалы екендігін айтады. Себебі, қазіргі кезде АҚШ тұрғындары сатып алынған нанның үштен бір бөлігін бұзылып кететіндіктен лақтырып жібереді екен. Нанның бұзылуына қарсы бұл құрылғының көмегімен ет, тауық еті және тағы басқа көкөністер мен жеміс-жидектерді де ұзақ уақыт сақтауға болады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support