Іздеу- құтқару жұмыстары аяқталды

  Түркияның Сома қаласы маңындағы жарылыс болған шахтада іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды. 13 мамырдағы мәлімет бойынша 301 адам опат болды, деп жазады CNN жергілікті билікке сілтеме жасап. Lenta.ru 485 кеншінің апаттан аман қалғанын хабарлады.

   Түркия энергетика министрі Т.Йылдыздың айтуынша, құтқарушылар барлық жерді тексеріп шыққан. Үкімет көмір өндірісі саласындағы ең бір ірі апат салғырттықтан орын алмағанын алға тартуда. Өйткені, шахтада тұрақты түрде тексеріс жүргізіліп келген. Шахтаның оператор-компаниясы болса кеншілердің көбі уланып қалғанын мәлімдеді. Йылдыз әзірге жарылыс себептері туралы айту ерте деп көрсетті.

Интернет материалдары негізінде дайындалд

Comments are closed.

микро займ на карту